Алматы метросындағы жолаушылар кептелісінің себебі айтылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
176

Алматы тұрғындары таңғы уақытта метро станцияларында жолаушылардың көп жиналып, кептеліс болғанына шағымданды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялап жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жолаушылардың айтуынша, кептеліске ONAY қосымшасындағы QR-кодтың жұмыс істемеуі себеп болған. Соның салдарынан кейбір тұрғындар метроға өту кезінде қиындыққа тап болып, станцияларда кезек пайда болған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары таңертең жұмысқа және оқуға асыққан тұрғындар үшін бұл жағдай қолайсыздық туғызғанын жазып жатыр. 

Ал, Алматы метросының баспасөз қызметі  QR-код арқылы төлем жасау жүйесіндегі ақау жойылғанын мәлімдеді.

Бүгін сағат 06:30-дан бастап техникалық себептерге байланысты Алматы метросының барлық станциясында «Оңай» жүйесінің QR-коды арқылы жолақы төлеу уақытша істемеді. 

Бұл ретте «Оңай» көлік карталарымен, банк карталары, Apple Pay және Samsung Pay қосымшалары, сондай-ақ қағаз QR-билеттер арқылы төлем жасау штаттық режимде жалғасты. 

Сағат 09:30-да «Оңай» жүйесіндегі техникалық ақау толық жойылып, QR-код арқылы төлем жасау қалпына келтірілді. 

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады. 

СПОРТ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бүгінде спорт мемлекеттің жаһандағы абыройы мен беделінің көрсеткі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына қатыспауының...