Солтүстік Қазақстан облысында әйел адам гаражда босанып, сәбиін сол жерде қалдырып кеткен, деп хабар...
11 сынып 10 сыныпты оңдырмай сабады: Павлодарда кадет мектебінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады
Бейнежазбадан
Павлодар кадет мектебінде жаппай төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Кадрларда бір топ курсант басқа оқушылардың кабинетіне баса-көктей кіріп, қарсыластарын ұрып-соғып, сынып ішін әп-сәтте апыр-топыр қылғанын көруге болады.
20-ға жуық бозбаланың қатысуымен өткен жаппай төбелес бір минуттан аспайды. Төбелес нәтижесінде үш оқушыға медициналық көмек қажет болды. Кәмелетке толмағандардың бірі әлі ауруханада жатыр.
"2008 жылы туылған жәбірленунің миы шайқалып, зигоматикалық сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды. Жарақаты орташа", - деп түсіндірді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ, оқиға болған күні кадет мектебінің тағы екі оқушысы ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық кадеттер арасында жаппай төбелес 16 мамырда болған. Осы факті бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қызметтік тергеуді өңірдің білім басқармасы да жүргізеді.