Саша Барон «Бораттың» кейпінде тағы да қазақстандықтардың ашуына тиді

Фото: 365info.kz

Жаңалықтар
981

«Борат» рөлімен танымал британдық комик Саша Барон кезекті рет қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Коэн Джимми Фэллонның шоуына «Бораттың» образында келген ол Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп қалжыңдаған.

Сондай-ақ ол “АҚШ вице-президенті Камала Харрис Қазақстанға келмегені дұрыс, өйткені еврейге үйленген қара нәсілді әйелдің елге келуін дұрыс қабылдамауы мүмкінй деді. 

Саша Баронның әзілі көптеген қазақстандықтардың ашуын келтірген. Олар комик Қазақстан туралы абыройға нұқсан келтіретін стереотиптер таратуын жалғастырып келеді деп санайды. 

Британдық комик көпшілікке Али Джи, Бруно Гехард, генерал-адмирал Аладин және Борат Сағдиев секілді сатиралық образдарымен танымал. Қазақстандықтар оны дәл осы Борат Сағдиев есімді ойдан шығарылған журналист образымен таниды. Журналистің АҚШ-қа саяхатын көрсететін 2006 жылы шыққан «Борат» фильмі Қазақстанды бұрмаланған және стереотиптік тұрғыдан көрсетеді. Содан бері «Бораттың» бейнесі Қазақстанда жанжал мен наразылық себебіне айналды. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...