“Екі ғашық” СИЗО-да: Ілияс Сариевтің ғашығы да күзетпен ұстауда қамауда болатын болды

Фото: Руслан Өтепбай парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1997

Алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевтің ғашығы да күзетпен ұстауда қамауда болатын болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Елді алдап, кейін уәде де жоқ, ақша да жоқ болып, өз ісіне жауап бере алмаған Ілияс Сариевтің сүйіктісі де қамауға алынды. Судья Искакбаеваның үкімімен күдікті Ақтоты Болатқызы Дүйсееваға қатысты 2 ай мерзімге “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Демек, тергеу амалдары кезінде, алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевтің ғашығы да бостандықта жүрмейді. Айта кетейік, Ілияс Сариев бір сұхбатында Ақтоты Болатқызын жеңгем деген. Кейін оның шын мәнінде сүйіктісі екені анықталды. 

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде ақпарат беріп, “Екі ғашық СИЗО-да, ал елдің ақшасы қайда? Мұны құзырлы орган анықтайды деп ойлаймын…” деп жазған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...