Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға сотталуы мүмкін – заңгер

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
880

Адвокат Бағдат Амандықұлы UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әйелі екі адамның өліміне әкелген жол апатына қатысушы ретінде қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Sports24.kz жариялады.

Бұған дейін Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысы бағытынан Алматыға қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткені хабарланған еді.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, көлікті UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы жүргізген.

Адвокаттың айтуынша, екі адамның өліміне әкелген жол апаты үшін жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға дейін айырылуы мүмкін. Алайда, үкім шығарған кезде сот кінәлінің кәмелетке толмаған баласының бар-жоғына назар аударады.

«Сәйкесінше, егер жүргізуші әйелдің 14 жасқа дейінгі баласы болса, бұл сот тарапынан жаза тағайындауда ескеріледі», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөліміне сәйкес, мұндай ауыр қылмыстар бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату мүмкін емес екенін жеткізді.