«Біздің ел дамымай қоя тұрсыншы»: Шетелде 4 ай тұрып келген Елдос Сметов алған әсерін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
290

Англияның Лондон қаласында 4 ай тұрып келген Елдос Сметов дамыған елдің ерекшелігі туралы айтты. Ол «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында Англияға тіл үйрену мақсатында барғанын айтқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

«Лондонда төрт ай тұрып келдім. Ағылшыным керемет деп айта алмаймын. Нан сұрай аламыз, барсақ аштан қалмаймыз. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп кетуге төрт ай өте аз. Қазір онлайн оқуды қолға алып жатырмын. Ол жақтың менталитеті бізге келмейді. Біз «еліміз дамыса, еліміз неге дамымайды» деген сұрақтарды көп көтереміз ғой. Шетелге барып келгенге қарағанда барып тұрған бір бөлек әсер береді екен. Мен ол жақтың қоғамы, тұрмыс тіршілігі, адамдарын көріп, «дамыған ел осындай болса, біздің мемлекет дамымай қоя тұрсыншы» деген ниетте келдім. Өйткені, еркегі қайсы, қызы қайсы, қайсы жұп, қайсы жұп емес ажырата алмайсың. Соны көзіммен көріп келдім. Бала жетектеген адамға қарағанда ит жетектеген адам көп. Біз қызығатын дүние емес. Сондықтан сол нәрселерді көзіммен көргенде жиіркенішті болып көрінді. Шынымен де даму жолы осындай болатын болса, біз дамымай-ақ қояйық дедім. Өйткені, оның ішінде менің бала-шағам бар. Балаларымды, болашақ немерелерімді осындай қалпында көргім келмейді», — дейді ол.

Олимпиада чемпионы әлеуметтік желінің қауіпті қару екенін және онымен қалай күресетінін де айтты. 

«Өзімнің балаға қатысты қағидам бойынша тик ток көрсетпеймін. Бірақ Instagram-ға кіріп тұрады. Әлеуметтік желі қазір қатты дамып кетті. Кез келген нәрсені, боқтап жатса да, ұятсыз дүние болса да көрсетіп жатыр, шектеу жоқ. Кішісі де, үлкені де көреді. Максималды түрде балаларыма көрсетпеуге тырысамын. Өте қауіпті қару ғой. Отырып алып балаларыма үгіт-насихат жүргізбеймін, ұрмаймын. Өзімнің іс-әрекетіммен тәрбиелеуге тырысамын. Аналарын, ата-апаларын, өз бауырларымды құрметтеймін. Сол арқылы үлгі боламын. Арманым — ең болмай қалды деген баланың өзі мен сияқты болса екен. Алладан соны тілеймін. Олардың бір жерде миллионер, атақты болуы емес, тәрбиелері алаңдатады. Ата-ананың қадір-қасиетін білетін, бауырын құрметтей алатын адам болуы маңызды», — дейді Елдос Сметов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аман Тасығанға Кешюдың экс-әншісі Айдана Меденова сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Айд...