Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
447

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Өнер иесі Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түсірілім алдағы күндері басталады. 

Сапар аясында Димаш өзі білім алған М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы мен музыкант ретінде қалыптасуына негіз болған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне барып, ұстаздарымен кездесті.

«Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өтеді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді»,

- деп жазды әнші желідегі парақшасында.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-...

Шоу-бизнес

Танымалтележурналист Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындықтың басталғанын айтып, әлеуме...