Шетелге шықпас бұрын ескеріңіз: Денсаулық сақтау министрлігі сақ болуға шақырды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1046

Денсаулық сақтау министрлігі сақ болуға шақырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге сапар шегетін қазақстандықтарды түрлі жұқпалы аурулардан сақ болуға үндеді. Әсіресе тропикалық аурулар жиі таралған аймақтарға — Африка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан мен Йеменге баратын туристерге ерекше сақтық қажет екені ескертілді.

Бұл елдерде лас су мен тағам арқылы, жәндіктердің шағуы, ауру адаммен байланыс немесе жыныстық жолмен берілетін қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары. Кейбір елдерде қазіргі таңда тырысқақ (холера), безгек (малярия) және денге қызбасы сияқты аурулар өршіп тұр. 

Сапарға шығатын азаматтарға мынадай кеңес берілді: 

-сапасы күмәнді судан бас тарту;

-жеміс-жидек пен көкөністі қайнаған сумен жуу;

-ашық киім кимей, жәндіктен қорғайтын құралдар қолдану;

-алдын ала дәрігерден кеңес алып, қажетті қорғаныс құралдарын өзімен бірге алып жүру. 

Министрлік мәліметінше, Қазақстанда 17 санитарлық-карантиндік пункт жұмыс істейді. Күн сайын ел шекарасынан 50 мыңға жуық адам өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...