Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыстан табылды

Lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3097

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

Ақтауда аралас жекпе-жек спортшының денесі қоқыс контейнерінен табылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

20 қыркүйекте Ақтауда 3-шағын ауданда файтер Вусал Жафаровтың мәйіті қоқыс контейнерінен табылды. Оның денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

“Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, Вусал Жафаровты ұрып-соғып, ер адамның денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...