Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова өмірден өтті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
139

Әлемге әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Роза Айтматова физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның білім беру саласына еңбек сіңірген қызметкері және қоғам қайраткері болған.

Ол Маяковский атындағы Қырғыз қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолында Қырғыз КСР Ғылым академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, кейін жоғары оқу орнында дәріс берген. Физика және педагогика салалары бойынша бірқатар ғылыми еңбек жазған.

Роза Айтматова отбасының тарихын зерттеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге де ерекше көңіл бөлген. Ол жиені Асан Ахматовпен бірге «Тарихтың ақ парақтары» атты кітап жазған. Еңбекте 1930 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі Төреқұл Айтматовтың өмірі мен қызметі, сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың балалық шағы баяндалады.

Роза Төреқұлқызы өмірінің елеулі бөлігін әйелдер құқығын қорғауға арнаған. 1996 жылы әріптестерімен бірге «Әйелдерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық ұйымын құрған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салд...