Халық арасында кеңінен танымал, алайда көп жағдайда комиссиядан өтпей жататын отандық әуесқой фильмд...
Щучинскідегі жарылыс болған нысанды тексерген инспекторлар соттала ма?
Фото: ТЖМ
127
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз адамның қаза табуына байланысты оқиғаға дейін нысанды тексеруге тиіс болған инспекторлардың жауапкершілігі туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сенаттың кулуарында журналистер ведомство басшысының орынбасарынан инспекторларды жауапқа тарту туралы сұрады.
Әділов бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ. Оның айтуынша, кафе иесі ұсталған, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қозғалып, Ақмола облысының арнайы прокурорларына берілген. Ал басқа ведомство жүргізіп жатқан тергеу барысына түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін айтты.
Басқа мемлекеттік құқық қорғау органдары тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша, өкінішке қарай, пікір білдіре алмаймын, - деді ол.