Ақыл-ес жағдайы тексеріледі: Шымкентте студент қызды өлтірген күдіктіге шешім қашан шығады

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
1078

Шымкентте студент қызды өлтірді деп күдіктелген адам жауапкершіліктен қашпайды. Бұл туралы ІІМ бірінші вице-министрі Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Келесі бір ай ішінде күдіктіге кешенді сараптама тағайындалады, оның ішінде ақыл-ес жағдайы тексеріледі. 

Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданады және күдікті жауапкершілікке тартылады.