Уақыт өзгермейді: Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Үкіметке қарсы сотта ұтылды

Фото: шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2342

Астанада Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Серікжан Ахметжановтың Үкіметтің Қазақстанды біріңғай уақыт белдеуге көшіру туралы қаулысына қарсы берген шағымы бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды  madeniportal.kz.

Сот тұрғынның талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Айта кетейік, С. Ахметжанов үкіметтің Қазақстанды біріңғай уақыт белдеуге көшіру туралы қаулысын заңсыз деп тануды сұраған. Ол Шығыс Қазақстан облысында тұрғындардың уақыт ауыстырудан ең көп зардап шегетінін, себебі өңірде күн 16:00 шамасында бата бастайтынын атап өткен.

Қазақстандық сондай-ақ, біріңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі талқыланғанда тұрғындардың пікірінің ескерілмегенін сотқа ескерткен, мұның да заң бұзушылық деп санайтынын атап өткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...