БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссм...
СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сыртқы саяси ведомствоның мәлімдеуінше, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр.
Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз. Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз, - делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров таратқан хабарламада.