Синоптиктер ескерту жасады: Бүгін бірнеше өңірде ауа райы бұзылады

Фото: apostrophe.ua

ЖАҢАЛЫҚТАР
1589

25 маусымға арналған ауа райы болжамы жасалды. Кей өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде жауын-шашын болады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық болады.

• Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°С дейін;

• Жамбыл облысында – +38°С дейін;

• Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында – +41°С дейін.

Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. 

Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша...