Спотршы жеңілісінен кейін бапкерін ұрып тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2518

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Виктория Дудакова UFC Fight Night турнирінде жеңіліп қалғаннан кейін бапкерін ұрып жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Виктория Дудакова Лас-Вегастағы турнирде жекпе-жекке шықты. Ол әйелдер арасында 52,2 кг салмақ дәрежесінде америкалық Фатима Клейнмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. АҚШ спортшысы үстемдік танытып, қарсыласының басына бірнеше соққы жасады. Ал төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты. Бұл 25 жастағы ресейлік спортшы үшін қатарынан екінші жеңіліс болды. Ол мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілді. Жекпе-жек аяқталған соң октагонға Дудакованың бапкері Гасанали Гасаналиев шықты. Ол шәкіртінің жанына келіп, құшақтамақ болған кезде, спортшы оны бетінен шапалақпен ұрып жібергені трансляцияға түсіп қалды. "Сен тіпті келген де жоқсың. Орныңнан қимылдамай отырдың. Саған бәрібір!" - деді Дудакова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында екі жастағы егіздердің анасының өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұм...

PESTEL

Францияның батысында болған жол апатынан танымал кинопродюсер Николя Альтмайер мен оның жұбайы, Dior...