Тапал бойлы, қазанбас Мұқағали?

Жаңалықтар
3690

Алматы облысы Райымбек ауданында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «ерекше» ескерткіші бой көтерді, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

Ақынның ескерткіші үшін мемлекет қаржысынан 61 826,000 млн. теңге жұмсалған.  Иә, жаңылыс естіген жоқсыз! АЛПЫС БІР МИЛЛИОН СЕГІЗ ЖИЫРМА АЛТЫ МЫҢ теңге. Бұл туралы әкімдік сайындағы хабарламада: «Аудан орталығынан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ескерткішін орнату үшін 61 826,000 млн (алпыс бір миллион сегіз жүз жиырма алты мың) теңгеге сұраныс хат жолданды» делінген.

Алайда «жонылмаған әр тастың ішінен қамаудағы періштені көрген» Микеланджело Буонарроти бұл жолы мүсінші Кәкімов Қадырханның қолынан шыққан Мұқағалидің ескеркішін көрсе төбе шашы тік тұрары анық еді. Неге? Себебі Мұқағали атамыз «жуанмойын, қазанбас» кейіптегі ескерткішке айналды. Бұл Микеланджело тұрмақ, қоғам арасында да қызу талқыға түскенін айта кеткеніміз жөн.

Көмейге кептелген сөзді іркіп қалып, ақын әруағына қиянат жасағым келмейді деген жазушы Қанат Әбілқайыр  өзінің әлеуметтік желі парақшасында Дидахмет Әшімханұлының ескерткішін бар болғаны 23 миллион теңгеге (мына қаржының үштен бірі) тұрғызғанын және асқан жанашырлықпен жасалғанын алға тартады.

«Менімен сөйлескен адамның бәрі осы ойда. Демек, мүсінші Кәкімов Қадырхан ағамыз қанша жерден"классик" болса да Мұқағалидың тас тұлғасын қашап шыға алмағанын айтуға хақымыз бар. Мұны былай қойып, аталмыш ескерткішті ақынның ұрпағынан бастап, қазақтан шыққан кейбір зиялылар құптады екен деп (егер расында солай болса), көмейге кептелген сөзді іркіп қалып, ақын әруағына қиянат жасағым келмейді» дейді жазушы. 

Қазақ поэзиясы тарихында есімі алтын әріппен жазылған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевты «тапал бойлы, ұзын сирақ, бұраң бел» қылып көрсету ақынның есімін биік қылу ма, әлде ел көзіне күйік қылу ма? Сіз не деп ойлайсыз, құрметті оқырман?! 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...