Жамбыл облысында әскери басына бөтелке жарам деп көзінен айырылды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
840

Жамбыл облысында әскери басына бөтелке жарам деп көзінен айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Оқиға ресми ант қабылдау рәсімі кезінде болған. Әскерилер қаз-қатар сапқа тұрып, бастарына бөтелке жарған. Сол сәтте Жақсылық Молдақұлдың трюгі сәтсіз шығып, басынан қан тоқтамай, көзі қарауытқан. Шашылған шыны тіпті оның жанарын тіліп кеткенге ұқсайды.

Ал туыстары болған жағдайдан әскерилер бірде-бір рет хабар бермегенін айтты. Олардың айтуынша, Жақсылықты алдымен Жуалы аудандық ауруханаға апарып, басындағы жарақатын тігіп, кейін облыстық офтальмологиялық орталыққа жеткізген. Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын жасап жатыр.

Ал Жуалы аудандық 97/678 әскери бөліміндегілер сарбаз жараланса да, жұмыстан босатылмайтынын айтты. Тек барлау ротасынан жеңіл қызметке ауыстырмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан шамамен 350 метрлік Апофис астероиды ұшып өтеді. Ол сонш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқ...