Ослодағы «Раушангүл сарайы» сахнасында Қазақ мәдениеті күні өтті, деп хабарлайды Қазақст...
ШҚО-да екі қыз іс-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Tengrinews.kz/ еріктілер ұсынған фото
Өскеменде бірнеше апта бойы екі қызды іздеу жалғасып жатыр. 18 жастағы Әнел Ерік 18 күн бұрын, ал 24 жастағы Айпара Тұлақбай бір ай бұрын жоғалып кеткен, - деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті екі қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.
Әнел Ерік 2005 жылы 31 желтоқсанда туған. Ол 12 қарашада таңертең үйден шығып кеткен. Соңғы рет оны "Металлург" саябағының маңында көрген, содан кейін ол із-түзсіз кеткен. Отбасымен байланысқа шықпаған. Жоғалған сәтте жасыл киім, қара етік, шалбар киіп жүрген.
Іздеу жұмыстарына lider.kz еріктілері қатысып жатыр. ШҚО бойынша волонтерлік топтың үйлестірушісі Олеся Клинкованың айтуынша, іздеу арнайы жүйе бойынша жүргізіліп жатыр. Ол ауруханаларды, мәйітханаларды тексеру, туыстары мен достарын сұрастыру, әлеуметтік желідегі деректерді талдауды қамтиды.
"Біз екі қыздың да үйден өз еркімен кеткенін білеміз. Кету себептері анықталған, бірақ бұл ақпарат құпия. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексердік. Өкінішке қарай, Өскемендегі кейбір камералар жабдықтарды жаңарту себебінен жұмыс істемейді. Дегенмен, Айпараға ұқсайтын қызды көргені туралы ақпарат бізге үміт береді", – деді Клинкова.