Астанада алаяқ 300-ден астам отбасыны үйсіз қалдырған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1471

Астана қаласының полиция департаменті «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің салымшыларының шағымдары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тергеу барысында жосықсыз құрылыс компаниясы заң талаптарын бұзып, тиісті рұқсатсыз тұрғын үй салу үшін азаматтардан қаражат жинағаны анықталды.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 300-ден астам отбасы зардап шегіп,  материалдық шығын көлемі 4 млрд теңгеден асқан.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...