ШҚО-да экс-полицейдің жасөспірімдерді зорлауы елдің жағасын ұстатты

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1259

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы полиция тергеушілері 16 жастан кіші екі жасөспірімге қатысты бірнеше рет жыныстық зорлық жасады деген айыппен екі адамға қарсы іс қозғады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

29 жастағы Нұрбек Дәурен мен 35 жастағы бұрынғы полицей Асқар Жұмағұловтың қолынан осы қылмыстардың жасалғаны айтылады.

Қазір күдіктілер уақытша ұстауда отыр. Сонымен қатар, Жұмағұловтың бұрын қызметтен теріс себептермен босатылғаны белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп, істің барлық айғақтары анықталуда.

«Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Сондай-ақ,  Жұмағұлов теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылғанын хабарлаймыз. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп жауап берді  полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...