18 наурыз – Ұлттық киім күні

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн.

Ұлттық киім күні бұл салада жаңашыл көзқараспен шығарма-шылық тұрғыда дәстүр мен стильді ұштастыруға ынталандыратын түрлі фестиваль, байқау-лар ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға мол септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі деген үміт бар.

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей келіншегімен ара қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады Мadenip...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Болат Бопайұлы 1960 ж...