Астанада бала күтуші жұмыс берушіден 1 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған

Фото: ИИ:Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1682

Астанада бала күтуші жұмыс берушілерінің үйінен 1 миллион теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

«Жұмыс берушілер демалысқа кеткен кезде 42 жастағы күтуші үйде қалған зергерлік бұйымдарды ұрлап, оларды ломбардқа өткізіп жіберген. Үй иесі бағалы заттарының жоғалғанын демалыстан оралған соң бірден байқаған және полицияға хабарласқан», — делінген хабарламада.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел-іздестіру шаралары барысында анықтап, ұстады. Ұрланған заттар: гауһар тасты алтын сақина, алтын алқа, гауһар таспен әшекейленген жиынтық. Күдікті өз кінәсін мойындап, бағалы заттарды иелерінің жоқтығын пайдаланып ұрлағанын айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...