СҚО-да гаражда босанған әйел баласын сол жерде тастап кеткен

Фото: tengrinews.kz

Жаңалықтар
699

Солтүстік Қазақстан облысында әйел адам гаражда босанып, сәбиін сол жерде қалдырып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Адам шошырлық іс Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды. 25 жастағы әйел аудандық ауруханаға қан кету бойынша жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында науқастың босанғанын анықтап, полицияға хабарлады. Полиция әйел адамның нәрестесін гараждағы қорапта қалдырғанын анықтады.

Сәби шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасына 25 жастағы әйел жатқызылды. Әйелдің гаражда босанғаны алдын ала анықталған. Осы факті бойынша қауіп төнген белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайл анықталуда», – деп түсіндірді полиция.

Айта кетейік, жаңа босанған әйел адамға Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес 45 тәулікке қамауға алынғанға дейін 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...