ШҚО-да көшеде итті балталаған адам іздестіріліп жатыр

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
898

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полиция жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Ұлан ауданы Привольное ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам күшікті мотоциклге байлап, жол бойымен сүйреген. Кейін оны ауыл тұрғындарының көзінше балталап тастаған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары күдіктінің кім екендігін анықтап жатыр.

- Аталған факті бойынша Ұлан аудандық полиция бөліміне шағым түсті. Полицейлер бірден тергеу амалдарын қолға алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, жануарға қатыгездік танытқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК-нің 316-бабына сәйкес, 200 АЕК-ке дейін (786 400 теңге) айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...