Әйелдің құқығы – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

Фото: “Жаңа адамдар” жастар қозғалысы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1195

ҚызПУ студенттері әйел құқықтарын қорғау реформаларын қолдап шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері елімізде қабылданған әйел құқығын қорғауға бағытталған заңдарға назар аудартып, жатақхана балкондарына қолөнермен жасалған баннерлер ілді.

Онда: «Мен бүгін Қазақстанда сталкингтен қорғалғанмын», «Мен бүгін алып қашудан қорғалғанмын», «Мен бүгін зорлық-зомбылықтан қорғалғанмын» деген сөздер жазылды. Әр сөз нақты заң баптарымен байланысты.

Бұл бастама – заңнаманың қағаз жүзінде қалып қоймай, мәдени санаға да орнығуы тиіс екенін көрсетеді. Әйелге құрмет – ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Құқықтық мәдениет пен жауапкершілік қалыптасқанда ғана қоғам өркениетке қадам басады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...