Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамның денесін шығарды. Оның екеуі бала. Бұл туралы madeniporta...
«Тағы да сүй» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады :
«Хабар» арнасы 10 қыркүйектен бастап «Тағы да сүй» деп аталатын романтикалық телехикаяны көрермен назарына ұсынғалы отыр.
Жастардың өмірінде жиі кездесетін шынайы оқиғаларға негізделген романтикалық кинотуындының алғашқы көрсетілімі Алматыда өтті. Тілшіміз Индира Аразалинова толықтырады.
Фильмнің басты кейіпкері Аян дәулетті отбасының баласы. Білімді, сымбатты жігіт. Екі жыл бұрын оның сүйген қызы Асыл жол апатынан қаза табады. Қайғы құшқан жігіт көп ұзамай Мерей есімді қызбен танысып, бас қосады. Бірақ сюжет желісі күтпеген жерде шиеленістерге ойысады.
Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:
- Бұнда бүгінгі қоғамда болып жатқан жастар арасындағы қарым-қатнас, махаббатқа адалдық, достыққа жақын болу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатнас секілді мәселелер алдыңғы орынға шығарылған. бұның ішінде күнделікті қарапайым қазақ отбасылардың өмірінде болып жатқан түрлі үдерістерді, түрлі дүниелерді көріп білуге болады. Сонысымен де көпшілік көрерменге қызық болады деген сенімдеміз.
Телехикая Алматы қаласы және Алматы облысының көрікті жерлерінде түсірілген. Кинотуындының режиссері Асхат Мұсабай.
Асхат Мұсабай, «Тағы да сүй» телехикаясының режиссері:
- Актерлік составта негізінен бізде жаңа танылмаған есімдерді ашуға тырыстық. Қыз да, жігіт те басты рольде дебют болды. Үлкен рольде Шалқар Құдайбергенов деген алматылық жігіт.
Шалқар Құдайберген, актер:
- Фильм түсіру ондай қатты қиын болған жоқ, шынын айтқанда қызық болды. Қызықты жағдайлар көп болды, локациялар өте көп болды бізде. Өз ролімді алып шыққан сияқтымын.
Нұрсауле Әубәкірова, актер:
- Образ өзіме жақын, тәрбиелі ақкөңіл, ақылды, бірақ керек кезде өзін де көрсете алатын қайсар қыз. Маған өте ұнады, өйткені өмірден алынған оқиғалар. Көп жастарға арналған.
Көрерменді тарту үшін телехикаяда түрлі тәсілдер қолданылған. Әуе шарларымен ұшу, аспалы жолдармен жүру, өзен-көлде қайықпен серуендеу сынды көріністермен сценарийдің сюжетін толықтыруға тырыстық, дейді режиссер. Сонымен қатар заманауи графикалық әдістер де кеңінен қолданылған. Телехикая 10 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасында дүйсенбі мен бейсенбі аралығында көрсетілетін болады.
Авторлары:
Индира Оразалинова,
Мұхит Құдықбаев