Желтоқсанда алаңға шыққан жастарға қарсы қолданылған темір ломдар музейде тұр

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
611

Орталық музейі қорына 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысты заттарды тапсыру сәті бейнеленген сурет жарияланды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы kazmuseum.kz жазды.

Суретте Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің ҚР Орталық музейінің қорына 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысты заттарды тапсыру сәті бейнеленген.

Жазушы табыстаған бұл бұйымдар — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан жастарға қарсы КСРО милициясы мен әскері пайдаланған темір ломдар. Сол кезеңде милиция жасақтары оларды газет пен матаға орап, бейбіт жастарды соққыға жығу үшін қолданған.

Бұл жәдігерлерді жазушы Мұхтар Мағауин 2014 жылы музейтанушы-ғалым, Алматыдағы ҚР Орталық музейінің директоры, профессор Нұрсан Әлімбайға тапсырған.

Қазір аталған заттар музей қорында сақталып отыр.

ТЕАТР

Қосшыдағы Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 5...