Су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
95

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдарынан үйлер қирап, лай көшкіні жүріп, кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы хабарлады.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақтардың қатарында Сычуань провинциясы мен Гуанси өңірі бар. Сычуаньде жауын суы жиналып, ауылдағы үйдің шатыры мен қабырғасы опырылып, бес адам қаза тапқан. Оқиға 18 тамызда балалардың жоғары оқу орнына түсу нәтижесін атап өтуге арналған дастархан кезінде болған.

Бұдан бөлек, Чаннин уезіндегі үйдің құлауынан тағы үш адам көз жұмған. Тағы екі адам ауруханада қайтыс болған. Апат салдарынан 17 адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Нөсер жаңбыр таулы аймақтарда лай көшкіні қаупін күшейтіп, кейбір жолдардың жабылуына себеп болған. Әсіресе Ганьцзы және Аба аймақтарында табиғи апаттар тіркелген.

Қытайдың апаттардың алдын алу жөніндегі органдары қауіпсіздік мақсатында Чэнду, Цзыгун және басқа да аудандардан 21 784 адамды эвакуациялаған.

Мамандар жаңбырдың жалғасуына байланысты өңірлерде жаңа су тасқыны мен көшкін қаупі сақталып отырғанын ескертті. Құтқару қызметтері зардап шеккен аумақтарда жұмысын жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалардың қауіпсіздігіне арналған акция аясында «Жаңа адамдар» белсенділері әлеуметтік...