Тоқаев еңбек адамын қолдау үшін арнайы жарлыққа қол қойды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
121

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің индустриясы мен өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Qarmet ұжымымен кездесуде айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент компания жетістіктерінің артында жұмысшылардың табанды еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ жиынға былтыр «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған Сергей Чернобайдың қатысып отырғанына тоқталды.

«Сіздердің араларыңызда Qarmet компаниясының бұрынғы даңқын қайта оралту үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық. Жемісті жұмыстарыңыз зор құрметке лайық. Мемлекеттің саясаты озат жұмысшылар мен мамандарды ынталандыруға бағытталған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өндіріс жұмысшылары мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік наградалар – ел игілігі жолындағы еселі еңбекке берілген лайықты баға.

«Мемлекеттің сіздерге, яғни өндіріс жұмысшыларына және ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне деген ізет-құрметі өзгермейді. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз», – деді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бішкекте 9 қазанда жоғалып кеткен 28 жастағы Ханэл Жоробаевтың мәйіті табылды. Оның денесі Көк-Жар а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тауларында екі тәулік бойы аязда қалған 16 жастағы жасөспірімнің жағдайы қазір жақсы. Ол ауру...