Су тасқынының үшінші толқыны басталды

Фото: Әкімдік

ЖАҢАЛЫҚТАР
1927

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарда бақылау рейсін жүргізді, деп  хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы аудан және қала әкімдерінің есебін тыңдады.

Қызылжар ауданының ауылдары, Петропавлдан Долматов ауылына дейінгі аумақ, Үлкен және Кіші Тарангүл көлдері, Сергеев су қоймасы, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасында орналасқан елді мекендер зерттелді.

Ұшу кезінде су деңгейінің, гидротехникалық құрылыстардың және ықтимал су басу аймақтарының жай-күйін визуалды бағалау жүргізілді.

“Қазір елді мекендерге қауіп төндірмейтін су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Үшінші толқынның шарықтау шегі облыс орталығында сәуір айының соңы деп болжанып отыр. Жан-жақты дайындық жүргізілді: бөгеттер нығайып, айналма каналдар салынды. Жағдай бақылауда”, – деді аймақ басшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...