Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта бір отбасныың 9 мүшесі болған, деп хабарлай...
«Зейнетақысын бермеген»: Туған ұлы анасын аяусыз өлтірген
Сурет: oxu.az
Сабирабад өңірінде ауыр қылмыстық оқиға тіркелді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бір ауылда ер адам өз анасын аяусыз ұрып-соққан. Қайғылы жағдай Мюрсалли елдімекенінде орын алған. Бұл туралы ақпарат жергілікті дереккөздер арқылы белгілі болды.
Алынған мәліметке сай, 1972 жылы дүниеге келген азамат мас күйінде өз анасын — 1940 жылы туған әйелді — ауыр соққыға жыққан. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті анасының зейнетақысын ұзақ уақыт өз пайдасына пайдаланып келген және қаражатты спирттік ішімдікке жұмсаған. Ол тек уақытша жұмыс істеп, тұрақты табысы болмаған.
Оқиға 13 шілде күні таңға жуық уақытта болған. Анасы ұлының қалтасынан зейнетақы картасын алып қойып, жасырған. Осыған ашуланған ер адам оны бірнеше рет ұрып, басын баспалдаққа соққан. Әйел басынан ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйге түскен.
Көршілер дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен әйелді аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру шаралары кезінде ұстап, ол жасаған әрекетін толық мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, іс құзырлы органдардың назарында.