Шұғыл ақпарат! Табиғи апаттан 442 адам бір сәтте ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1217

Индонезияның Суматра аралында су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсіп, 442 адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жексенбі таңертең қаза тапқандар саны 300-ге жетті деп есептелген.

Аралда эвакуациялық жұмыстар жалғасып жатыр. Негізгі жолдар жабылып, интернет пен электр қуаты тек ішінара қалпына келтірілді.

Тропикалық дауылдармен күшейген муссондар Оңтүстік-Шығыс Азияда соңғы жылдардағы ең қатты су тасқынын тудырды. Малайзия мен Таиландта жүздеген адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кетті, аймақ бойынша миллиондаған адам зардап шекті.

Таиландтағы ресми өлім саны қазір 170-ке жетті, Малайзияның солтүстігіндегі Перлис штатында тағы екі адам қайтыс болды.

Шри-Ланкада су тасқыны мен көшкін салдарынан болған ауа райының қолайсыздығынан шамамен 160 адам қаза тапты.

Сирек кездесетін дауыл - «Сеньяр» тропикалық циклоны Индонезияда апатты көшкіндер мен су тасқынын тудырып, үйлерді шайып, мыңдаған ғимаратты су басты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...