Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларының жағдайы белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
648

Атырау облысында төрт адамның қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынып, ал қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында ем алып жатқан күдіктінің азаматтық некедегі жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың бес баласы мемлекеттік қамқорлыққа алынған. Қазір олардың үшеуі бейімдеу орталығында болса, бір және үш жастағы екі кішкентай бала балалар үйіне орналастырылған.

Мамандардың айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Журналист Жұлдыз Тілеуханның мәліметінше, оларға ата-әжелері келіп, жағдайларын біліп тұрады. Алайда анасының туыстары тарапынан әзірге ешқандай байланыс болмаған.

Балалар ата-аналарын жиі сұрап, үйлеріне қайтқысы келетінін айтып жүр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира әлеуметтік желіде марқұм әпкесін еске алып, архив сур...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын...