Сұмдық! Ақтауда жасөспірім бір топ бала зорлаған 13 жастағы қызға қатысты маңызды дерек айтылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1283

Ақтаудағы қатыгез қылмыс туралы NeMolchi.kz қоры хабарлады. Олардың айтуынша, 13 жастағы қыз топтық зорлауға ұшыраған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жасөспірімдер мектеп оқушысын бұған дейін де жүйелі түрде қорлап келген.  Қор жетекшісі Дина Таңсарінің айтуынша, қызды ұрып-соғып, қорлап, денесіне зақым келтірген. Жәбірленушінің қолында пышақпен қорлайтын сөз тіліп жазған.

Жәбірленушінің анасы қорға жүгінді. Ол полицияға 2024 жылдың қыркүйегінде өтініш бергенін хабарлады. Алайда, оның айтуынша, тергеу кешіктіріліп жатыр екен. Ал күдіктілер әлі де бостандықта жүр.

Құқық қорғаушылар Бас прокуратурадан тергеуді бақылауға алуды талап етті.

Маңғыстау полиция департаментінде ҚР ҚК 120 — бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...