Жетісуда атпен тауға кеткен жасөспірімдер із-түзсіз жоғалды (ВИДЕО)

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
857

Жетісу облысының Ескелді ауданында ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының жоғалғаны туралы хабарлады. Жасөспірімдер ешкімге ескертпестен үйден шығып, атпен таулы аумаққа қарай кетіп қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ішкі істер министрлігі ведомстволық сайтының мәліметінше хабар түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады. Іздестіруге кезекші нарядтар, учаскелік инспекторлар, кинологтар, волонтерлер және жергілікті жерді жақсы білетін тұрғындар жұмылдырылды.

«Іздестіру аумағына ауыл маңындағы қиын тау бөктерлері де толықтай қамтылды. Полиция дроны қиын жететін аймақтарды әуеден шолып, жасөспірімдердің қозғалыс бағытын анықтап, іздеу топтарын сол жерге бағыттауға мүмкіндік берді. Заманауи технологиялардың көмегімен балалардың орналасқан жері жылдам табылды», - деп жазылған хабарламада.

Шамамен екі тәулікке созылған үздіксіз іздестіру жұмыстары нәтижесінде балалар аман-есен табылып, дереу үйлеріне жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...