«Сұмдық жағдай»: Жаңа туған нәрестені жерлеу кезінде тіріліп кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2335

Махараштра штатындағы медициналық колледждің ауруханасында дәрігерлер шала туған нәрестені шетінеді деген шешімге келген, бірақ жерлеу алдында нәресте қимылдай бастаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

31 жастағы әйел жүктіліктің 27 аптасында шұғыл түрде кесарь тілігімен босанған. Баланың салмағы 900 грамм болды.

"Акушерлік және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Ганеша Тондаге баланың туғаннан кейін жыламағанын, қимылсыз жатқанын айтты. Дәрігерлер реанимациялық іс-шаралар жүргізген, алайда нәрестеде тіршілік белгілері байқалмапты. Бір сағаттан кейін анасының көз алдында ол шетінеп кетті деген қорытынды шығарылған", - деп жазды басылым.

Ұл бала ауруханада бір түн жатқаннан кейін оны туыстарына берген, олар оны жерлеуге дайындалуға кіріскен. Осы кезде нәресте кенеттен қимылдап, жылай бастаған көрінеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...