Астанада жоғалып кеткен бес жасар баланың жағдайы белгілі болды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1288

Елордалық полицейлер қаланың Сарыарқа ауданында жоғалып кеткен бес жасар баланы іздеп тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция ақпаратына сәйкес, әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Ер адам баланы өзі таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады.

"Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты. Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы балабақшада балаларға күш көрсетілгені туралы видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz...

Шоу-бизнес

Танымал тележурналист Гүлбаршын Зайырова әнші әрі актриса Мөлдір Мұқановаға тосын сый жасап, бағалы...