Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне Әлихан Бөкейханның есімі берілд...
Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанованың сұқбатына жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов балаларына қатысты мәлімдеме жасады.
«Ардақты ағайын, Мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», - деп жазды ол.
Еске салайық, Мөлдір Мұқанова өзінің бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов екеуінің өміріне қатысты сұқбат беріп, қазір өзі де, балалары да қиналып жүргенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Қабатов балаларымен кездеспек түгілі жазған хабарламаларына жауап бермейтін көрінеді.
Мөлдір Мұқанова отбасындағы келеңсіз жағдай туралы сыр шертіп, Қабатовпен екі жаққа кеткенін жеткізді.
"Мен отбасымда болып жатқан жағдайды сыртқа шығармайтын адаммын. Жақындарыма да тіс жармайтынмын. Бұлай шығып, айтам деп те ойламағанмын. Бірақ халық арасында үлкен шу болып кетті. Тұрсынбек ер азамат ретінде ел алдына шығып, осы жағдайды түсіндіретін адам еді. "Кесірі бала-шағама тиіп жатыр, неше жыл отасқан жұбайыма ауыр сөйлеп жатырсыздар. Мөлдірге тиіспеңіздерші" деген бірауыз сөз күттім. Себебі отбасымыздың екі жаққа кетуіне бірінші себепкер өзі болып тұр. Біздің заңды некеміз бұзылды. Өкінішке қарай, екеуміз екі жаққа кеттік", - деді Мұқанова.