«Сұхбаттан кейін блоктан шығарды»: Мөлдір Мұқанова Қабатовтың өтірігін жайып салды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
347

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов пен балаларының қарым-қатынасына қатысты күтпеген мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Журналист Жанар Байсемізге берген бұған дейінгі сұхбатында Мөлдір Мұқанова экс-күйеуінің балалардың нөмірін бұғаттағанын айтқан еді. Алайда кейін бұл ақпаратты Тұрсынбек Қабатов жоққа шығарған болатын.

Дегенмен әнші сол сұхбаттан кейін Қабатов алғаш болып балалармен байланысқа шыққанын атап өтті.

«Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына "Әдемі, саған рақмет" деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: "Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет" деп жауап беріпті. Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Бір-ақ галочка ғана көрінетін. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым», – деді Мөлдір Мұқанова.

Әншінің айтуынша, бұл жағдай отбасындағы уақытша түсініспеушіліктерден туындаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда қысқы туристік маусым басталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Қала жыл бойы қызмет көрсет...

АЙМАҚТАР

Жаңа адамдар командасы YouTube-та жаңа «Qala» жобасын таныстырды. Жобаның мақсаты &mdash...