Қазақстандық кәсіпкер екі боксшыға тұлпар сыйлады

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2925

Азамат Аман есімді қазақстандық кәсіпкер Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалған боксшы Сәкен Бибосыновқа тұлпар сыйлады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл жайында спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазып, алғыс білдірді.

«Азеке, тұлпар үшін рахмет! Сіз бізді әрқашан қолдайсыз, көмегіңізді аямайсыз. Алла пейіліңізге берсін», - деп жазды Бибосынов.

Азамат Аман Париж Олимпиадасында жүлде иелене алмаған тағы бір боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына да жылқы мінгізді.

«Батырлар, біз үшін чемпионсыңдар. Тұлпарларың құтты болсын!», - деп жазды кәсіпкер желідегі парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...