Шығыс Қазақстанда тіс емханасы 53 маманға жалақы төлемеген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
750

ШҚО прокуратурасы балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады. 

Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан екі айдан астам уақыт бойы 53 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек түзілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астамсомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.

Еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...