Тбилисиде жоғалған қазақстандық өлі күйінде табылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1239

4 тамызда Тбилисиде жоғалып кеткен 27 жастағы қазақстандық өлі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бүгін, 6 тамыз күні з-түзсіз кеткен Шыңғыс Мұсаәділовтің қаза тапқаны белгілі болды. Оның мәйіті табылғанын марқұмның туыстары мәлімдеді. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Грузияның Қазақстандағы елшілігі ақпаратты растады.

Шыңғысты соңғы рет достары «Руставели» метро станциясына жақын орналасқан Laila клубының жанында көрген. Одан кейін жігіт үйіне де келмеген, жұмысына да бармапты.

Жақындары мен туыстары Тбилиси полициясына арыз беріп, әлеуметтік желілер арқылы хабарландырулар таратты. Бірақ жігіт өлі күйде табылды. Грузия құқық қорғау органдары әзірге ресми пікір білдірмеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...