Павлодар маңынан төрт мың жылдық тарихи жерлеу орны табылды

Фото: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
334

Павлодар қаласының маңында ғалымдар ерте қола дәуіріне жататын жерлеу орнын тапты. Табылған артефактілер төрт мың жыл бұрын бұл өңірде өмір сүрген адамдардың белсенді тіршілік етіп, металл өңдеудің алғашқы кезеңімен айналысқанын көрсетеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Археологтарды құм карьеріне адам сүйектерін тауып алған жергілікті балықшы шақырған. Қазба жұмыстары барысында ғалымдар маңызды дүниелерді тапқан. Анықтай келе, ол жерде ежелгі адамның жанына еңбек құралдары бірге жерленгені белгілі болды. 

Табылған кварциттен жасалған кетпен, тас уатқыш және жылтыратылған балта кенді ұсақтап, металды өңдеу үшін пайдаланылған болуы мүмкін. Сонымен қатар, археологтар алғашқы балқыту пештерінің орны болуы ықтимал ошақ іздерін де анықтады. Қазір мамандар төрт мың жыл бұрынғы адамдардың тұрмыс-тіршілігін заманауи технологиялардың көмегімен зерттеп жатыр.

«Онда қыш ыдыстардың сынықтары, көмір қалдықтары кездеседі. Бұл аумаққа адамдар кейінгі тас дәуірінен бастап қоныстанғанын көрсетеді. Қолымыздағы микроскоптардың көмегімен олардың шынымен металл өңдеген-өңдемегенін, қандай металды және қандай жұмыстарда пайдаланғанын нақты анықтай аламыз. Сонымен қатар, климатты қалпына келтіру мақсатында топырақ үлгілерін алып, зерттеу жүргіземіз», – деді Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті жанындағы Археологиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Елена Тушева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...