Перу астанасында жойқын жер сілкінісі болды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1748

Перу астанасы Лиманың маңында 6,1 магнитудалы қатты жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Перу Геофизика институты әлеуметтік желілерде хабарлады, деп жазады madeniportal.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Кальяо провинциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері 49 шақырым тереңдікте болған.

Перу Азаматтық қорғаныс институтының жанындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық орталықтың X (бұрынғы Twitter) парақшасындағы ақпарына сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан Индепенденсия ауданында бір адам қаза тапқан, тағы бес адам жарақат алған. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы мен медициналық мекемелерге зақым келген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...