Елорда төрінде «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясы жалғасуда

ЖАҢАЛЫҚТАР
2016

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы - Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясын жалғастырды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев.

Бағдарламада Бела Барток камералық музыканың жауһарынан басқа, осы жанрдың негізін қалаушы, ұлы веналық классик - Джозеф Гайдннің ішекті квартеті және қазіргі қазақ композиторы - Сәтжан Шәменов шығармасының премьерасыда өтті. 

Көрерменге керемет классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінде өнер көрсеткен бірінші скрипкада - Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада - Алексей Лебедев, виолада - Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев сиқырлы кештің сәнін кіргізіп,  әлемдік музыка жауhарларының керемет шығармалары елорда төрінде тағы бір мәрте ойнады.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Танымал өнер иесі Сәкен Майғазиев Шымкент қаласының әкім орынбасары Руслан Берденовке қатысты пікір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі «Батыс-3» шағынауданындағы балалар алаңында жылан жайлаған, деп хабарлады MAD...