Атыраудағы қылмысқа қатысы бар Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың ақпарат жарияланды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
298

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Атырау облысы прокурорының көмекшісінің айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиеваның тарапынан адам өлтіруге қатысты құқық бұзушылықтар анықталмаған.

«Ол адам өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан, оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, ал қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс тіркелді. Алайда оған әлі құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиева іс бойынша күдікті ретінде танылмайды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ», — деді Жандар Болатбек.

Бұған дейін Алматыда оның психикалық жағдайына байланысты психиатриялық сараптама жүргізілген болатын. Алайда сарапшылардың қорытындысы прокуратураға әлі түспеген.

«Сараптама қорытындысы дайын деген ақпарат бар. Бірақ біз оны әлі алған жоқпыз. Қорытынды келіп түскеннен кейін зерделенеді. Қосымша сараптама қажет болған жағдайда, ол тағайындалады», — деп қосты прокурор көмекшісі.

Осылайша, оның әрекеттеріне құқықтық баға психикалық жағдайы толық анықталғаннан кейін беріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша кәмелетке толмағандардың қорғаушыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...