Шымкентте есепші жымқырған ақшаны мұғалімдер қайтаруға мәжбүр

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2154

Шымкентте ақша жымқырғаны үшін сотталып кеткен есепшінің іс-әрекетінен 80-ге жуық мұғалім зардап шеккен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Есепші бірнеше жыл бойы ұстаздарға артық ақша аударып, кейін оны өзі кері қайтарып алып отырған. Енді ұстаздар алмаған миллиондаған ақшаны мемлекетке қайтаруға мәжбүр болып отыр.

Қазақстан Ұлттық арнасының мәліметінше, мектеп мұғалімдерінің бірі Әйгерім Досалиеваның есепшотына екі жылдың ішінде есепші 28 мыңнан бастап 200 мың теңгеге дейін 5 рет артық ақша аударған. Артынша «қателесіп кетіппін» деген желеумен қаржыны қолма-қол әкеп беруін өтінген. Есепшінің әрекетінен күдіктенген мұғалім әр жолы артық ақшаны банк есепшоты арқылы кері аударып отырған. Қолында оны дәлелдейтін чегі де, электронды дерегі де бар.

Ұстаздардың арызынан соң білім басқармасы ішкі аудит тексерісін жүргізіп, нәтижесіде 21 миллион 600 мың теңге  ақша мұғалімдерге артық берілгенін анықтаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...