Басына найзағай түскен жасөспірім сөйлей алмай қалды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2629

13 жастағы жасөспірімнің басына найзағай түсіп, қозғала алмай қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengritravel-ге сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Миннесота штатында болған. 13 жастағы тұрғыны Мила Ванг 2023 жылдың тамызында Флоридадағы жағажайда найзағай соққаннан кейін бір жылдан аса уақыт бойы қозғала алмай қалған. Сондай-ақ ол сөйлемейді және естімейді.

Анасы Нали Янг қиындықтарға қарамастан, қызының денсаулығы жақсарады деп үмітін үзбей отыр. Отбасы Себастьян Инлет жағажайында демалып жатқанда, Милаға найзағай түскен. Ол жағажайда 12 жасқа толғанын тойлаған көрінеді.

"Ол құлаған кезде денесі күйіп кеткен еді. Оның түрі өлген адамдай көрінді", – деді жасөспірімнің сіңлісі.

Джошуа дереу әпкесіне көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенше оған жасанды тыныс беруді бастаған. Найзағайдан кейін Мила қатты күйік және ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Оны жергілікті ауруханаға жеткізген, кейіннен тікұшақпен Орландодағы балалар ауруханасына ауыстырған. Сол жерде ол бір жылдан астам уақыт болды.

Демалу түтігін бір айдан кейін алып тастағанымен, қыздың жағдайында айтарлықтай жақсару болған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...