Гаухар Әлімбекованың бұрынғы құрбысы әншіні тағы сотқа берді – бұл жолы себеп неде?

Жаңалықтар
3700

Белгілі әнші Гаухар Әлімбекованың ісі мүлдем басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Осыған дейін әншіге алдандым деп сотқа беріп, әрі сотта жеңіп шыққан Бақыт Назарова аппеляция берілуі себепті бостандықта жүрген Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да сотқа арыз түсірді.

Гаухар Әлімбекованың бұрынғы құрбысы әншіні тағы сотқа берді

Бақыт Назарованың айтуынша, әнші әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, абыройын аяқ асты қылған. Соның кесірінен Назарова көшеге шыға алмай қалдым, деп шағымын жеткізді. 

Дүйсенбі – Бақыт Назарованың жалғыз демалыс күні. Басқа күндері жан бағу үшін «барахолка» аталып кеткен ашық базарда сауда жасайды. Жасы алпысқа жақындаған әйелдің жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Ай сайын алқымнан алатын 330 мың теңге несием бар дейді, ол.

Алайда, бұрынғы құрбысы Гаухар Әлімбекова екеуінің арасындағы баспана дауынан кейін Бақыттың базарға шығып, нәпақасын табуы да қиындап кетті. 

«Мені танып қалған адамдар келіп: «Саған осы не керек? Проблема іздеп жүрсін ба? деп ауыр сөздер айта бастады. Мен қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай қысылып, қарызданып жүргенде бұл оқиға менің жүрегіме қатты әсер ете бастады. Мен адам көрсем дірілдейтін болдым»,- дейді Бақыт Назарова.

Ал Әлімбекованың жүрегі аса қатты дірілдемейтін сияқты. Гаухар ақ гипске оралған қолына қарамастан Ақбота Керімбекованың тойына барып, келінін қарсы алды. Тіпті, "Орындалған арман" деген ән де жазып үлгеріпті. 

Бақыттың жанына батқаны әншінің әлеуметтік желіде өзін меңзеп, қаралауы. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты. 

«Себебі, Әлімбекова өзінің инстаграм парақшасында мені «Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жатып жатыр екен» деген жазған ақпарат таратып отырды. Алғашында мен оған мән бермедім. Себебі, жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды ештеңе етпейді деп отыра бергем»,- дейді жәбірленуші Назарова.

Ал Әлімбекованың қоғаушысы Абзал Құспан әншінің қандай да бір мәлімдеме жасауға оның моральдық құқығы бар деп есептейді екен. Тіпті, бұл істе Әлімбекованы темір торға қамағысы келетін топтар бар дейді адвокат.

«Тек қана жәбірленуші Бақыт Назарова ғана отырған жоқ. Басқа да, әзірге бізге белгісіз мүмкін, тергеу, прокуратура жағынан ба адамдармен ұйымдасып істегендері белгілі болып отыр. Себебіне мысал келтірсем: Гаухар Әлімбековамен қатар Феруза Ордабаева деген кісі де сотталған болатын. Міне, сол Феруза Ордабаеваның тергеу кезінде болған адвокаты Құсайынов сотқа келген кезде жәбірленуші Бақыт Назарованың қорғаушысы болып кетті. Бұны біз қазір 100 пайыз анықтап отырмыз. Сот үкімімен-ақ шығып отыр бұл мәселе»,- дейді Гаухар Әлімбекованың қорғаушысы Абзал Құспан.

Адвокаттың айтуынша, аппеляциялық сотта көптеген қызық жәйттердің басы ашылмақ. Ал, Бақыт Назарова адвокат Құсайыновты істі жақсы білгені үшін ресми өкілі болуы өзі сұрап алғанын айтады.

Stan.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...